Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Ажар Ана-2017» бөбекжай балабақшасы

«Бекітемін»

ЖСШ «Ажар Ана -2017» бөбекжай

балабақшасының меңгерушісі:

________________ А.Тұрсынбаева

«___» __________ 2023-2024 жыл

Ертеңгілік 

Тобы: «Бәйтерек»

Тақырыбы: «Жаңа жыл – жаңа нұр»

Тәрбиешілері: Смайлова Қ.       Мейрбек П

 

 

Жаңа жыл – жаңа нұр!

Жүргізуші: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.                      

Төрле төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Армысыздар, құрметті тәрбиешілер және қонақтар! Сәлеметсіңдерме балалар. Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып келіпсіңдер.

  • Балалар бүгін қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі.

Жүргізуші: Балалар мына ортамызда әдемі болып тұрған не?

Балалар: Шырша

Жүргізуші: балалар қараңдаршы шыршаның жанында не тұр?

Балалар: үлкен қорапта сыйлық.

Жүргізуші: Қане балалар біз сыйлықты ашып көрейікші. (Көңілді музыка ойнайды, қорапты ашады, қорап ішінен клоун атып шығады)

Клоун: Амансыңдарма балалар! Ия бұл мен клоун. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жер тар, әрі қап-қараңғы. Ал мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге ән салып, би билейінші.

Жүргізуші: жарайды бізбен бірге сенде қарсы ал.

Жүргізуші: Балалар бізде шырша бар, әдемі киінген балалар бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспей тұр?

Балалар: Аяз Ата, Ақшақар

Жүргізуші: Қане, онда Аязатаны шақырайық

Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді)

Жалмауыз кемпір: солай ма? Жақсы ,жақсы, мен келе жатыыыыыырмыыыыыыын.

Мені ешкім жеңе алмайды, мені жеңетін адам әлі туған жоқ. Аяз атаның жолын жауып тастадым. Сендерге енді аяз ата жоқ.жаңа жыл мерекесін аяз атасыз өткізесіңдер.

Жүргізуші: неге олай еттің?  Сен ашуыңды бас, отыр дем ал. Біздің балалардың өнерін көріп мүмкін көңілің көтеріліп, сиқырыңды қайтарып аларсың.

Жалмауыз кемпір: Балалар біздің шыршамыз әдемі болып жанып тұру керек емеспе?

Балалар: ИЯ

Жалмауыз кемпір: Онда, қане жағып жіберейік(қолына сіріңкесін алып жаға бастайды)

Жүргізуші: Жоқ, жоқ мына жалмауыз кемпірден құтыла алмадыққой.Олай болмайды. Тыныш отырыңызшы. Сізге балалар тағы ән салып берсін

Осы кезде боранның гуілі естіле бастайды. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды. Балалардың артына тығылып, шыршаның артына тығылып жоқ болады.

Аязата, Ақшақар келеді(өздерінің сөздерін айтады)

Жүргізуші: Енді Қоян жылы мен Ұлу жылын ортаға шақырайық

Қоян жылы:

Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Жасыл шырша жанына
Ұлу жылы Қош келдің!
Сәлем саған баршадан!

Ұлу жылы: 

Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Қоян жылы мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық

 

Жүргізуші: Балалар бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Ендеше балабақшамыздың ең кішкентай бүлдіршіндері «Балбөбек» тобының орындауында МАДАГАСКАР биін тамашалайық!

Балбөбек тобының орындауында тақпақтар.    Ерназар, Адина, Фатима, Раяна, Әсем, Нұртілек, Бекнұр

Жүргізуші: Шыршамыз Қандай әдемі, ойыншықтары неткен көп! Ал енді бізге шыршаға арнап «Бәйтерек» тобы әдемі ән салып берсін. Тамашалаймыз «Шырша әні»

Құлыншақ тобының орындауында би «Қызыл раушан»

Жүргізуші: Құлыншақ тобының керемет тақпақтарына кезек береміз: Тақпақтар (Балым, Боранбай Кәусар, Бақытжан, Томирис, Жанерке, Айтөре, Еркежан, Жазира, Асылжан, Олжас)

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадас оң болсын.

Төрле төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын              Балым

 

Жаңа жылда баршамыз

Гүлдей болып жайнасын.

Аман болсын барлық бала,

Шад-шадыман ойнасын.              Боранбай Каусар

 

Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзынай

Кесіп алсам шіркін-ай          Бақытжан

 

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.      Томирис

 

Тамаша тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.            Еркежан

 

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде

Билейміз ән саламыз.         Айтөре

 

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата әже, ата әже

Құтты болсын жаңа жыл          Олжас

 

Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын жаңа жыл.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр          Жазира

 

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады       Жанерке

 

Ақша қар, ақшақар

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды,

Алақаныма толасың               Асылжан

Клоун сиқыр көрсетеді

Құлыншақ тобының орындауында «Шырша жыры»

Бәйтерек тобының орындауында тақпақтар(Орынбасар Айзере, Макан Айзере, Омар, Бекзат, Қыран, Балауса, Нурикамал, Нұрай, Әбубәкір )

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Тоймаскарад басталды

Аяз оны басқарды            О Айзере

 

 

Аппақ оонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оранып.               М Айзере

 

Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр.

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл       Бекзат

 

Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән.

Аяз ата жаңа кеп,

Мерекені бастаған.           Омар

 

Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса           Абубәкір

 

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын.

Төрле төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын        Балауса

 

Жаңа жыл жаңа жыл

Жаңа жылда жаң нұр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.        Нурикамал

 

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып жылтыр боп жатады           Нұрай

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына        Қыран

Бәтерек тобының қыздарының орындауында көңілді би

Құлыншақ тобының орындауында Вальс

Жүргізуші: Жаңа жал, жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа нұр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Бәйтерек тобының ұлдарының орындауында «Танец Морозят»

Жүргізуші: Жаңа жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болу өзіңнен - дей отыра бүгінгі  Жаңа жылдық ертеңгілігіміздің құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі А. Закировнаға беріледі.

Жүргізуші: бүгінгі жаңа жылдық кешімізді аяқтаймыз. Ұлу жылы сіздерге мол табыс, үлкен қуаныш, мықты денсаулық ала келсін. Аяз ата, Ақшақар балаларға сыйлықтар таратады.