Балабақша жайлы мәлімет.
Балабақша атауы: ЖШС «Ажар Ана-2017»
Мекен жайы: Келес ауданы, Қошқарата е/м, Қошқарата ауылы Н.Өтепов көшесі №18.
Жоба қуаттылығы: 100 балаға арналған.
Тіл оқытуы: қазақ.
Ғимарат түрі: 1 қабатты.
Қолданылуға берілген жылы:18 тамыз 2017ж.
Балабақша меңгерушісі: Тұрсынбаева Айнұр Зәкірқызы
Қызметкерлер саны: 27
Бала саны: 100
Байланыс нөмерлері: +77027566035
Балабақшада 4 топ бар.
«Ақжелкен» МАД тобы. 25 бала 14-ұл, 11-қыз.
«Бәйтерек» ересек топ. 25 бала 10-ұл, 15-қыз.
«Құлыншақ» орта топ. 25 бала 15-ұл, 10- қыз.
«Балбөбек» кіші топ. 25 бала 16-ұл, 9-қыз.
ЖШС «Ажар Ана-2017»бөбекжай балабақшасы 2017 жылдан бастап өз қызметін ойдағыдай атқарып келуде.
Қәзіргі таңда балабақша ұжымы ер адамға бергісіз қайраттылығымен, өмірге құштарлығымен әр баланы қуана қарсы алып 100 баламен өз жұмысын жалғастыруда. Аталған мекемеде ұжым сыйластығы, ауызбіршілігі адам құантарлықтай. Мекемеде қызметкерлер өз мамандығына сай алған біліміндерін қызметте ұластыруда. Бала тәрбиесімен білімін алға қойып аянбай еңбек етуге балабақшамыздың меңгерушісі Айнұр Зәкірқызы үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. 2017жылы ашылғаннан бастап айтатын болсақ, тәрбиешілеріміз Елшібаева Жәудір, Арипбаева Гулжайнар, Смаилова Қарлығаш, Есенбаева Ажар апайларымыз , тәрбие көмекшілері Тұрдымұратова Күлзада, Балғабекова Бибігүл апайларымыз үздіксіз қызмет етуде. Бұл кісілер балабақша тұрмысымен етене таныс, жаңадан келген жас мамандарға бағыт беруші ардагер маман иелеріміз болып табылады. Әр атаулы мерекелер сайын балалармен ата-аналарды байланыстыра отырып, заман талабына сай түрлі іс-шаралар жоспар бойынша үздіксіз өткізіледі. Айнұр Зәкірқызы қызметкерлердің біліміне ерекше мән береді. Жұмысқа қабылдар алдында ерекше ықыласпен жұмыс ережесін өзі таныстырып отырады. Балабақшаның барлық тұрмысын өз бақылауында ұстайды. Ұланасыр еңбектің, қиыншылығымен қызығы қатар ұштасқан жұмыстың, қажырлы еңбектің нәтижесінде ел алғысына бөленді. Балабақшаға кезекте тұрған балалар саны күн санап өсіп келеді. Балабақшада өткізілген іс-шаралар мемлекеттік интернет желі саласында Республика көлімінде таралуда. Аудан, облыс көлемінде балабақшалармен әдіс-тәсіл алмасуды да назардан тыс қалдырмаған.
Балабақша көлемі мен ауданы, сызба жоспарлары Мемлекеттік коммисияның қарауынан өтіп, оң бағамен шешімін тапқан. Әр топтың өздеріне арналған оқу-жаттығу бөлмелері, ас бөлмелері, жатын бөлмелері, әжетханалары талапқа сай орналасқан жәнеде заман талабына сай жабдықталған. Ыдыстар мен ойыншық, бала санасын жаңғыртуға арналған түрлі дидактакалық материалдар үнемі жаңартылып отырады. Мекеме қызметкерлері мекеме ішінің тазалығыммен жұмыс тәртібіне ерекше көңіл бөледі.
Қызметкерлерге арналған жылдық жоспар жыл басында жасалып, сол жорспар жыл бойы іске асырылады. Республикалық талаптар өзгерген сайын, мекеме басшысыда балабақша жоспарына өзгеріс енгізіп отырады. Балалар күн тәртібіне дағдыланған. Осындай мекемеде әрбір бала, әрбір ата-ана, әірбір қызметкерлер де бақытты.