Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Ажар Ана-2017» бөбекжай балабақшасы

                                                                                            «Бекітемін»

ЖСШ «Ажар Ана -2017» бөбекжай

                                                              балабақшасының меңгерушісі: 

                                                                    ________________  А.Тұрсынбаева 

                                                                         «___» __________ 2023-2024 жыл

 

Ертеңгілік

Тобы: «Бәйтерек»

Тақырыбы: «Қош келдің әз Наурыз»

Тәрбиешілері: Смайлова Қ.       Мейрбек П

Тақырыбы: Қош келдің әз Наурыз.

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың  22 – сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт – дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбие

 Жүргізуші:  Армысыздар, халайық!

                       Бармысыздар, халайық!

                       Наурыз тойын  жұп жазбай,

                       Жылда  қарсы  алайық!

                         Баршамызға  тілегім осы, халайық,

                         Еліміздің несибесі  көп  болсын!

                         Жауын жауып, жер  бетіне  көк  толсын,

                          Даламызға бұл  жаңа  жыл  құт  болсын!-

деп, бүгінгі Наурызға  арналған  мерекелік ертеңгілігімізді бастауға  рұқсат  етіңіздер.

Наурыз тойын бастаймыз,

Бимен оны қостаймыз. Бәйтерек тобының балаларының орындауында «Құдаша қыз» биі

«Құдаша қыз» би

Жүргізуші:

Ежелден ол салты бар,
Айтыс десе талпынар.
Кәрі мен жас келгенде
Ақын қиял шарқ ұрар

Бәйтерек тобының балалары Айсұлтан мен Айзере ақындарды қарсы алайық. 

Жүргізуші:

Кел, балалар, келіңдер,
Бірің шеттеп, тыс қалма.
Ойын ойнап көріңдер,

«Жаяу тартыстан» құр қалма

Бәйтерек тобының балалары ұлттық ойын «Жаяу тартыс»

Жүргізуші: Наурыз тойы – береке
Наурыз тойы – жыр, аңыз
Қызыл дулы мереке
Қызық думан құрамыз

Бәйтерек Тобының қыздарының орындауында «Шолпы» биі

«Шолпы» биі

 

Наурыз құтты болсын,

Дендерііңіз сау мықты болсын.

Әр шаңараққа шаттық толсын.

Көріскенше күн жарқын болсын.

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.

Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!